БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі өкілі бүгін Ресей президентімен кездеседі

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі Жоғары комиссары Наванет Пиллэйді бүгін Мәскеуде Ресей президенті Дмитрий Медведев қабылдайды.

Пиллэй ақпанның 19-ына дейін осы елде болып, ресейлік құқық органдары жетекшілері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездеспекші.