Пентагон басшысы Гуантанамо түрмесінің әлі жабылмайтынын айтады

АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Гуантанамо әскери базасындағы түрменің жуық арада жабылуы екіталай екенін мәлімдеді.

Бейсенбі күні сенаттың қарулы күштер жөніндегі комитеті мүшелерінің алдында сөйлеген Гейтс бұл мәселеге байланысты конгрессмендер арасында қалыптасқан пікір қайшылығы Гуантанамо түрмесін жабу туралы шешім қабылдауға бөгет болып отырғанын атап көрсетті.

АҚШ Конгресінің мүшелері Гуантанамо түрмесінде терроризм айыбы бойынша қамауда отырғандардың ісін азаматтық сот қарауы тиіс пе, жоқ әлде әскери соттың құзырына берілуі керек пе деген сауалға байланысты ортақ пікірге келе алмай отыр.

2009 жылы қаңтарда қызметіне кіріскен соң АҚШ президенті Барак Обама Гуантанамо түрмесін жабуға уәде еткен болатын.