Медведев Нальчиктегі шабуылдан кейін ФСБ басшысымен кездесті

Ресей президенті Дмитрий Медведев Федералды қауіпсіздік қызметінің басшысын қабылдап, шабуыл болған Солтүстік Кавказдағы жағдайды талқылады.

Президент Медведевтің Александр Бортниковпен кездесуі - Қабарды-Балқар елінің астанасы Нальчиктегі жергілікті ФСБ кеңсесіне ондаған бүлікші шабуылдап, жарылыс жасаған соң болып отыр.

Өткен жұмада бұл аймақтағы полиция бекеттеріне де шабуыл болған, бірақ адам шығыны болмады. Ресейдің Қабарды-Балқар аймағында көрші Ингушетия мен Дағыстанда жиі болатын мұндай шабуылдарға жол берілмей келген.

Бірақ өткен аптада исламистік жауынгерлер бұл өңірге барған ресейлік саяхатшылар автобусына шабуылдап, үшеуін өлтірген болатын.