ЕҚЫҰ журналистерді қуғындағаны үшін Түркияны сынады

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бірнеше журналисті қамауға алған Түркия билігіне сын айтып, оларды дереу босатуға үндеді.

ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятович ұйым түрік үкіметін БАҚ өкілдерін қорқытып-үркітуді доғаруға шақырып отырғанын хабарлады.

Полицейлер бейсенбіде Анкара мен Стамбул қалаларында ұстаған, 2003 жылы үкіметке қарсы қастандық ұйымдастырмақ болған деген күдікке ілінген оншақты адамның көпшілігі - журналистер.