Қытай әскери салаға бұрынғыдан да көп қаржы бөлмек

Қытай қорғаныс саласына былтырғымен салыстырғанда 12 пайыз артық қаржы бөліп отыр.

Үкіметтің хабарлауынша, бұл мақсатқа жалпы көлемі 600 миллиард юаньға жуық (немесе 91 миллиард доллардан астам) ақша бөлінбекші. Әлемде тек АҚШ қана өз армиясының қажетіне бұдан көп қаржы жұмсайды. Қытай билігі әскери салаға бөлінетін қаражат тек елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға ғана бағытталады деп атап көрсетеді.

Бұл мәлімдеме Бейжіңде қытай парламентінің кезекті сессиясы басталар қарсаңда жасалды. Бұл жиында елдің коммунистік басшылығы алдағы бес жылға арналған жоспарын жариялайды.