Египеттің бұрынғы ішкі істер министрі сотқа тартылды

Египеттің ішкі істер министрі болған Хабиб әл-Адли өзіне тағылған сыбайлас жемқорлық айыптарын мойындамады. Бұл Хосни Мүбәрәк режимі құлатылғаннан бергі бұрынғы билік мүшелеріне қатысты алғашқы сот отырысы.

Адли өткен айда жаппай наразылық шерулерінен кейін президент Мүбәрәк орнынан кеткен соң ұсталған. Елдегі демократияшыл күштер оны адам құқықтары үшін тергеу керек деген талап қойды.

Алайда ол қазір бейбіт шерушілерге қарсы оқ атуға нұсқау бергені үшін тергеліп жатыр. Сенбі күні басталған сот процесі сәуір айына дейін жалғасады.