Тәжік президенті Пәкістанға сапарын бастады

Бүгін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Исламабадқа үш күндік іссапармен барды. Ол Пәкістан билігімен екіжақты және экономикалық мәселелерді талқылайды.

Тәжік делегациясы бастап барған Рахмон пәкістандық әріптесімен, премьер-министр Юсуф Раза Гиланимен кездеседі, Пәкістанның ірі қаласы Карачиге де барады.

Екі ел арасында Пәкістаннан Ауғанстан арқылы Тәжікстан мен Қырғызстанға электр желісін тартуды көздейтін жоба бойынша келіссөздер өтеді.