Пәкістан соты қамаудағы америкалықтың ісін кейін қарайды

Бүгін Пәкістан соты екі адамды атқан америкалықтың ісін қарауды кейінге қалдырды.

АҚШ азаматы Раймонд Дэвистің ісіне байланысты Вашингтон мен Исламабадтың қарым-қатынастары шиеленісе түскен болатын. Дэвистің айтуынша, ол қаңтардың 27-сінде Лахорда өзін-өзі қорғау үшін екі пәкістандықты атып алған. Пәкістан прокурорлары Дэвисті адам өлтіру айыбы бойынша соттауды көздеп отыр.

АҚШ Дэвистің дипломатиялық иммунитеті болғандықтан тез арада босатылуы тиіс дейді.