Бүгін Брюссельде басталатын Еуропа одағы елдері сыртқы істер министрлері мен НАТО одағына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің бірлескен отырысында Ливияға қатысты мәселе талқыланады.
Еуропа одағы елдері мен НАТО Ливия жетекшісі Муамар Каддафиді отставкаға кетуге шақырып отырғанымен, Ливияның әуе кеңістігі арқылы ұшуға тыйым салуға қатысты мәселеде әлі ортақ пікірге келген жоқ.
Франция мен Ұлыбритания бұған байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тиісті қарарын қолдап отыр. Тағы бірқатар елдер, олардың арасында АҚШ та бар, бұл мәселе байланысты халықаралық қауымдастықтың, соның ішінде араб елдерінің қолдауы болуы керек деп санайды.