Сауд Арабиясында полиция шеруді тарату үшін оқ атты

Сауд Арабиясындағы Катиф қаласында наразылық шеруіне шыққандарды тарату үшін полиция аспанға оқ атқан.

Билік орындары шеруді тарату кезінде екі шеруші мен бір полиция қызметкерінің жараланғанын айтып отыр деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, шеруге екі жүзге жуық жергілікті шииттер шыққан.

Сауд Арабиясының билігі елде шеру өткізуге тыйым салынғанын және кез-келген шерудің алдын алу үшін қауіпсіздік күштері қатаң шаралар қолданатындығын ескертті.