Иракта 20 мыңдай шенеуніктің білім туралы құжаттары тексеріледі

Ирак парламенті жұмысқа тұрған кезде жалған диплом ұсынған деген күдікке ілінген 20 мыңға жуық шенеуніктің білім туралы құжаттарын тексеру жөнінде бастама қозғап отыр.

Тексеруге қатысатын сарапшылардың айтуынша, күдікке ілініп отырғандардың арасында бірқатар министрлер мен олардың орынбасарлары, сонымен бірге кейбір ықпалды заң шығарушылар да бар.

Ирак білім министрлігі әзірге бұл ақпаратқа байланысты ешқандай түсінік берген жоқ.