Фукусимадағы АЭС-та жарылыс болды

Your browser doesn’t support HTML5

Жапониядағы жер сілкінісі мен цунамидің кесірінен жаңа апат ошақтары пайда бола бастады. Фукусима префектурасындағы Даичи АЭС-інің үшінші атом реакторында болған жарылыс кезінде алты адам жарақат алды. Реактордың ядролық отын элементтерінің еріп кетпеуі үшін жанталасқан мамандардың іс-қимылы осылайша қайғылы аяқталды.