Стамбулда белгілі әншіні басынан атып кетті

Түркиядан түскен хабарларға қарағанда, белгісіз бір адам белгілі әнші Ибрахим Татлысестің басынан атып, оның жағдайы ауыр.

Тегі күрд-түркиялық әнші өткен түнде Стамбулда концерт беріп жатқанда, қастандық жасалды. Шабуылдың не үшін жасалғаны анық емес.

Татлысес көптеген фильмдерге түскен әрі кәсіпкерлікпен айналысып жүрген әнші.