Еуропалық мамандар ядролық қауіпсіздік мәселесін талқылайды

Бүгін Еуропаның энергетикалық министрлері мен ядролық мамандары кездесіп, ядролық қауіпсіздік шараларын қайта бағалап шықпақшы.

Брюсселдегі бұл жиынға Жапонияның атом стансасындағы ядролық апаттар түрткі болды.

Бұл тұста Германия канцлері Ангела Меркель елдің 17 ядролық реакторындағы операцияларды ұзарту жоспары үш айға тоқтатылды деген хабарламадан кейін, үкімет министрлерімен кездеспекші.