Бүгін Назарбаевтың Ресейге сапары басталды

Бүгін Мәскеуде Қазақстан мен Ресей президенттері сауда-экономикалық, энергетикалық және ғарыш саласына қатысты өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Бұл туралы бейсенбі күні Кремльден хабарланды.

Ресей президентінің кеңсесі хабарлағандай, Назарбаев пен Медведев Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік құру мәселелерін талқылайтын болады. Ресей Қазақстанның басты әріптес елдерінің бірі.

Ресми деректерге қарағанда, екі елдің арасындағы тауар айналымы 2009 жылы 53 пайыздан асып, 15 миллиард долларға жетті.