Халықаралыққ атом энергетикасы жөніндегі агенттік (МАГАТЭ) Жапонияның «Фукусима» aтом электр станциясындағыдай апат 1986 жылы Чернобыльдегі жағдайдан бері болмаған деген баға берді.
Токио АҚШ-тан техникалық көмек алуға әзір екендігін мәлімдеді.
Наурыздың 11-індегі өте күшті жер сілкінісі мен одан кейін пайда болған цунами кесірінен «Фукусима» aтом электр станциясы қатты зақымданды. АЭС реакторларындағы қызуды басу мақсатында тікұшақтан су төгу жұмыстары жалғасып жатыр.
Ауа райын болжайтын мамандар солтүстік-батыстан соққан жел АЭС-тен шыққан радиоактивті буды Тынық мұхиты жағына айдап алып кетеді деп отыр.
Соңғы деректер бойынша, Жапониядағы зілзала мен цунами салдарынан 6400-ден аса адам қаза болып, 10 мыңнан астам кісі хабар-ошарсыз кеткен.