Сауд Арабиясының патшасы Абдулла бүгін халыққа жолдауында бірнеше қаулы жарияламақ.
Бұл - биыл араб әлеміндегі толқулар басталғалы бері патша Абдулланың жасайын деп отырған алғашқы қоғамдық мәлімдемесі. Сауд Арабиясы патшасы АҚШ-та үш ай емделіп, ақпан айында еліне оралған болатын. Хабарларға қарағанда, ол үкіметте өзгерістер жасауы мүмкін.