Ауған вице-президенті содырларды қаруларын тастауға шақырды

Ауғанстанның вице-президенті Абдул Карим Халили наурыз мерекесіне қатысты құттықтау сөзінде, елдегі бүлікшілерді қаруларын тастауға шақырды.
Мазар-и-Шариф қаласындағы мешітте сөз алған Халили Ауғанстан ешқашан талибан билеген кезеңге оралмайды деді.

Оның бұл мәлімдемесі Хамид Карзайдың ауған күштерінің бақылауына өтетін аймақтарды жариялар алдында айтылып отыр.