АҚШ сенаты мұсылмандардың құқықтары туралы тыңдаулар өткізбек

АҚШ сенатының комитеті алдағы аптада америкалық мұсылмандардың азаматтық құқықтарын қорғау туралы тыңдаулар өткізетінін хабарлады. Сенаттың конституция, азаматтық құқықтар және адам құқықтары жөніндегі сот комитетінің сессиясы наурыздың 29-ында басталады.

Бұдан бұрын наурыздың 11-інде Өкілдер палатасының ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комитеті жергілікті лаңкестік қауіп-қатер туралы даулы тыңдаулар өткізген болатын.

Сенат басшысының көмекшісі Дик Дурбиннің айтуынша, алдағы аптадағы тыңдаулар америкалық мұсылмандардың азаматтық құқығын қорғау шараларына бағытталады.