Досқалиевке қатысты іс сотқа тапсырылды

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қатысты қылмыстық іс сотқа тапсырылды. Бұл туралы қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай "Время" газетіне берген сұқбатында айтқан.

Жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталған бұрынғы министр 2010 жылдың күзінде қамауға алынған болатын.