Мына суреттерде сіз бармысыз?

Алматының орталық алаңында наразылық танытып тұрған халық. 17-18 желтоқсан, 1986 жыл. - Қазақ жастары 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Алматының орталық алаңына (кейін Жаңа алаң деп аталды) жиналып, наразылық танытты. Желтоқсан оқиғасы осылай басталды.

Краснодарда қырым татарлары шеру өткізіп, отандарына қайтаруды талап етті. 6 наурыз 1988 жыл. - Краснодарда қырым татарлары шеру өткізіп, отандарына қайтаруды талап етті. Бұл – совет баспасөзі хабарлаған алғашқы этникалық наразылық шарасы. 6 наурыз 1988 жыл.

Молдовада шерушілер молдова тіліне мемлекеттік мәртебе беруді талап етті. Маусым, 1989 жыл. - Молдованың халықтық майданы ұйымдастырған шеруге қатысушылар молдова тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беруді талап етті. Маусым, 1989 жыл.

Киевтегі шеруге жиналғандар ұлттық қайта өркендеу мен тәуелсіздікті қолдады. 23 қазан 1989 жыл. - Киевтегі шеруге жиналғандар ұлттық қайта өркендеу мен тәуелсіздікті қолдады. 1989 жылы 23 қазанда болған шеруді Украинаның қайта құру жөніндегі халықтық қозғалысы ұйымдастырды.

Киевтегі шеруге жиналғандар ұлттық қайта өркендеу мен тәуелсіздікті қолдады. 23 қазан 1989 жыл. - Киевтегі шеруге жиналғандар ұлттық қайта өркендеу мен тәуелсіздікті қолдады. 1989 жылы 23 қазанда болған шеруді Украинаның қайта құру жөніндегі халықтық қозғалысы ұйымдастырды.

Украинада үш миллион адам Львовтан Киевке дейін қол ұстасып тұрды. 21 қаңтар 1990 жыл. - Украина ұлттық республикасы мен Батыс Украина ұлттық республикасы бірігіп, бір мемлекетке айналған Бірігу күнінің 71 жылдығын атап өту үшін үш миллион адам қол ұстасып, Украинаның батысындағы Львов қаласынан ел астанасы Киевке дейін тізіліп тұрды. 21 қаңтар 1990 жыл.

Киевтің Богдан Хмельницкий алаңындағы шеру. 21 қаңтар 1990 жыл. - Шерушілер 1990 жылы 21 қаңтарда Богдан Хмельницкий алаңына (қазіргі София алаңына) жиналып, Украинаның тарихи Бірігу күнін атап өтті. 1919 жылы 22 қаңтарда Украина ұлттық республикасы мен Батыс Украина ұлттық республикасы бірігіп, бір мемлекетке айналған еді.

Тәжікстандағы исламшылдардың қанды көтерілістен кейін Душанбедегі Ленин алаңында өткен халық шеруі. 15 ақпан 1990 жыл. - Тәжікстандағы исламшылдардың қанды көтерілістен кейін Душанбедегі Ленин алаңында өткен халық шеруі. 15 ақпан 1990 жыл.

Тәуелсіз украиналық жастар одағы Киевте «СССР-ді жерлеу!» шарасын ұйымдастырды. 30 қыркүйек 1990 жыл. - 1990 жылы 30 қыркүйекте Тәуелсіз украиналық жастар одағы Киевте «СССР-ді жерлеу!» шарасын ұйымдастырды. Олар «СССР – халықтар түрмесі», «Орақ пен балға – өлім мен ашаршылық» деген ұрандар жазылған плакаттар көтеріп шықты.

Украина халықтық қозғалысының мүшелері Совет одағынан бөлінуді талап етіп шеру өткізді. 30 қыркүйек 1990 жыл. - Украина халықтық қозғалысының мүшелері Киевте шеру өткізіп, Украинаның Совет одағынан бөлініп шығуын талап етті. 30 қыркүйек 1990 жыл.

Грузия ұлттық гвардиясының сарбазы Тбилисидің алаңында билеп тұр. 10 сәуір 1991 жыл. - Грузия ұлттық гвардиясының сарбазы елінің Совет одағынан тәуелсіздік алғанына қуанып, билеп тұр. 10 сәуір 1991 жыл.

Тамыздағы сәтсіз бүлік кезінде Мәскеудің орталығындағы Калинин даңғылында тұрған танктер. 19 тамыз 1991 жыл. - Тамыздағы сәтсіз бүлік кезінде Мәскеудің орталығындағы Калинин даңғылында тұрған танктер. 19 тамыз 1991 жыл.

Кишиневтегі шерушілер ел тәуелсіздігін жариялаған шешімді қолдады. 27 тамыз 1991 жыл. - Молдава ССР Жоғарғы кеңесі Президиумының ел тәуелсіздігін жариялаған шешімін қолдаған шеру. 27 тамыз 1991 жыл.

Баку тұрғыны Лениннің суретін балталап жатыр. 21 қыркүйек 1991 жыл. - 1991 жылы 21 қыркүйекте Баку тұрғыны Ресей большевиктерінің көсемі Владимир Лениннің суретін балталап жатыр. Бір айдан соң Әзербайжан жоғарғы кеңесі тәуелсіздік туралы декларацияны мақұлдады.

Приднестровьені Молдовадан бөлуге байланысты талас. Дубэсарь, 1 қазан 1991 жыл. - Приднестровьеге байланысты тайталас: бір топ оның тәуелсіздігін қолдады, екіншісі Молдовамен бірігуін жақтады. Дубэсарь, 1 қазан 1991 жыл.

Тәжік шерушілері парламент спикері Рахмон Набиевтің қызметінен кетуін талап етті. Қазан, 1991 жыл. - Тәжік шерушілері 1991 жылы 24 қарашада өтетін президент сайлауында барлық үміткерлерге тепе-тең мүмкіндіктер беру мақсатында парламент спикері Рахмон Набиевтің қызметінен кетуін талап етті. Қазан, 1991 жыл.