Индонезияда 25 жолаушысы бар ұшақ теңізге құлады

Бүгін Индонезияның шығысында ішінде 25 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады.

Елдің көлік министрлігі хабарлағандай, Merpati Nusantara әуекомпаниясының ұшағы Папуа аралына жақын маңдағы теңізге құлаған.

Франциялық ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, ұшақта болған 21 жолаушы мен 4 экипаж мүшесінің бәрі қаза тапқан. Ұшақ апатының неден болғаны әзірге белгісіз.