Сирия билігі Банияс қаласында үкіметке қарсы наразылық шеруіне шыққанда ұсталған 300 адамды қамаудан босату туралы шешім қабылдады деп хабарлады сол елдегі адам құқығын қорғаушы ұйымдардың бақылаушылары.
Қамаудағылардың барлығы өткен аптада билік Баниясқа әскер енгізген соң ұсталған еді. Қазір қалаға су беріліп, электр қуаты мен телефон байланысы қайтадан іске қосылғаны туралы хабар жетіп отыр.
Бірақ Банияс қаласында әскери танктер әлі тұр. Ал наразылық шеруіне шыққан 200 белсендіні билік әлі қамауда ұстап отыр деп хабарлайды адам құқығын қорғаушылар.