Қырғызстандағы адам құқықтарын қорғаушы белсенділер қыз алып қашуды айыптап, наразылық акциясын өткізбекші деп хабарлайды Бішкектегі тілшіміз. Қоғамдық жиын мамырдың 18-інде Ыстық-Көл облысында ұйымдастырылмақ.
"Құқықтық норма" әйелдер альянсының жетекшісі Банур Абдиеваның мәліметінше, биыл Венера Қасымалиева мен Нұрзат Қалықова деген жас келіншектер күшпен алып қашып кеткеннен кейін өз өмірлерін қиған.