Сириялық күштер шерулер қарсаңында қалаларға кіргізілді

Дераа қаласына енген әскерлер. Мамыр. 2011 жыл

Сирияның бірқатар қалаларында президент Башар әл-Ассадқа қарсы шерулер өтеді деп хабарланғандықтан, әскерлер елдегі қалаларға танкімен кірді.

Қауіпсіздік күштері билікке қарсы шерулерді күшпен басып жатқанына қарамастан, оппозициялық белсенділер әл-Ассад режиміне қарсы халықты көбірек наразылық шеруіне қатысуға шақырған.

Сирияның адам құқын қорғаушы топтары наурыз ортасынан басталған шерулерде 750-ден аса адам қаза тапты деп айтады. Сирия билігінің демократиялық бейбіт халықты күшпен басқаны үшін АҚШ пен Еуропа Одағы сириялық билік өкілдеріне қарсы санкциялар енгізді.