Саиф әл-Абдел "Әл-Қаиданың" уақытша басшысы деп аталды

Саиф әл-Абдел. Федералдық тергеу бюросынан алынған сурет.

Хабарларға қарағанда, "Әл-Қаида" египеттік бүлікші Саиф әл-Абделді өзінің уақытша жетекшісі етіп таңдады.

Мамырдың 2-де Пәкістанда АҚШ күштерінің арнайы рейді барысында Усама бин Ладен өлтірілген соң "Әл-Қаида" ұйымы жетекшісіз қалған еді.

Египет арнайы күштерінің бұрынғы полковнигі әл-Абдел 1980 жылдары Ауғанстанда шайқасқан. Мухаммад Ибрахим Маккави деп танылып кеткен әл-Абдел 2001 жылы Иранға қашып кеткен болатын. Иранда 9 жыл үйқамақта болған әл-Абдел өткен жылы Пәкістанға барып, "Әл-Қаида" операцияларына қосылған делінеді.

АҚШ-та әл-Абделге "1998 жылы Африкадағы америкалық елшілікте болған жарылысқа қатысы бар" деген айып тағылған.