Қазақстан Ауғанстанға әскер жібермек

"Дала қыраны" біріккен әскери жаттығуынан бір көрініс. Алматы облысы, 24 тамыз 2010 жыл


Қазақстан пост-советтік Орталық Азияның Ауғанстанға әскер жіберетін бірінші еліне айналмақ деп хабарлайды Reuters ("Рейтерс") агенттігі. Ақпарат көзінің хабарына сәйкес қазақстандық парламенттің мәжіліс депутаттары мамырдың 18-і сәрсенбі күні осындай шешімге келіп, арнайы заң қабылдаған.

Нақты саны белгісіз қазақ сарбаздар Ауғанстандағы халықаралық қауіпсіздік күштерінің қатарында алты айлық әскери қызметте болмақ. Мәжіліс бекіткен заңда Қазақстан әскерінің қашан жөнелтілетіні туралы айтылмаған.

Қазақстан бұған дейін де Батыс елдері үшін Ауғанстанға түрлі жүк тасымалдау дәлізі ретінде маңызды рөл атқарып келген.