Өзбекстан астанасындағы Мұстафа Ататүрік көшесінің аты өзгертілді.
Азаттық радиосы өзбек қызметінің хабарлауынша, Ташкенттегі Мирабад және Юнусабад аудандарындағы Мұстафа Ататүрік көшесі бұдан былай Заравшан деп аталады. Ататүрік - Түркия республикасының негізін қалаған.
Қала әкімінің қарары бойынша Ташкенттегі бірқатар көшелер мен махаллалардың аты өзгерген. Оған сәйкес, Сіргелі ауданындағы Сабыр Рахимов махалласы енді "Жаңа Сіргелі" деп аталады. Сонымен қатар тағы бір аудандағы Сабыр Рахимов махалласының атауы өзгертілген.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, өткен жылы Ташкентте Совет Одағының батыры генерал Сабыр Рахимов атындағы метро станциясының атауы өзгертілген болатын.