Британия франция қаржы министрін ХВҚ-ның басшылығына ұсынды

Францияның қаржы министрі Кристин Лагярд.

Британия Халықаралық валюта қорының келесі басшысы ретінде Франция қаржы министрі Кристин Лягардты ұсынып отыр. Қаржы қорының басшысы болған экономист Доминик Стросс-Кан Нью-Йоркте әйелді зорламақ болды деген айыппен қамалған соң, өткен аптада қызметінен кеткен болатын.

Британия қаржы мекемесінің басшысы Джордж Осборне таратқан мәлімдемеде, Халықаралық валюта қорының басшылығына - Лягард ең жақсы кандидат деген.

Британия министрі франциялық әріптесі "Үлкен-20" тобына жетекшілік еткен Кристин Лягард нағыз халықаралық лидерлікті танытты деген. Егер Лягард сайланатын болса, ол 60 жылдық тарихы бар халықаралық қаржы қорының бірінші әйел жетекшісі болмақ.