Қамаудағы Жовтис онкүндік демалысқа шықты

Қазақстандағы адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис. Бақанас, 2 қыркүйек 2009 жыл.

Өскемендегі қоныстандыру колониясында жазасын өтеп жатқан адам құқықтарын қорғаушы Евгений Жовтис алғашқы рет онкүндік еңбек демалысына шықты деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Қазақстандағы Адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис «жол жүру ережесін бұзып, кісі өліміне себепкер болды» деген айыппен 2009 жылдың 3 қыркүйегінде 4 жылға бас бостандығынан айырылған.

Осы жылдың басында Өскемен түрмесінің әкімшілігі өкілдерінен құралған арнайы комиссия Жовтисті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қарап, оны босатпау туралы шешім шығарған еді.