Ішкі Монғолияда толқулар жалғасып жатыр

Қытай картасы. (Көрнекі сурет)

Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Монғолия автономиялық ауданында бесінші күн толқулар жалғасып жатыр. Билік орындары ол жерге әскерилерді кіргізген.

Жергілікті тұрғындар, этникалық монғолдар шопанның өліміне кінәлілердің жазалануын талап етіп отыр. Шопанды көмір тасымалдап жатқан жүк көлігі қағып кеткен. Билік орындары екі күдіктінің тұтқындалғанын хабарлады.

Ішкі Монғолия - Қытайдың көмір қазатын негізгі провинциясы.Бұл автономиялық ауданда тұратын халықтың 20 пайызын монғолдар құрайды.