«Кока-Кола» (Coca-Cola) және «Адидас» (Adidas) компаниялары халықаралық футбол ұйымындағы (ФИФА) жемқорлық жанжалына қатысты алаңдаушылықтарын білдіріп, мәлімдеме таратты.
Көптен бері ФИФА-ның негізгі демеушісі болып келе жатқан екі компания бұл айыптаулар ұйымға ғана емес, тұтас спортқа кірбің түсіреді деп санайды.
Кеше ФИФА президенті Зепп Блаттер соңғы кездері жемқорлыққа қатысты жанжал өзі басқаратын ұйымының беделіне елеулі нұқсан тигізгенін мәлімдеген еді.
Осы аптада Зепп Блаттер ФИФА президенттігіне қайтадан, осымен төртінші мәрте сайлануы мүмкін. Блаттердің бәсекелесі – Катар бизнесмені Мохаммед бин Хаммам «өкілетін теріс пайдаланған» деген күдікке ілінген соң оның кандидатурасы кері қайтарылған болатын.