Көкшетауда жаппай төбелес атысқа ұласып, үш адам жараланған

Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында сейсенбінің кешінде болған жаппай төбелесте оқ атылып, үш адам жараланған деп хабарлады «Интерфакс-Казахстан» агенттігі.

Оқиға қала орталығындағы бұрынғы «Новинка» дүкенінің жанында болған. Облыстық ауруханаға жеткізілген үш ер адамның бірі ауыр халде деп хабарланды.

Әзірiе ресми орындар бұл оқиға туралы түсінік берген жоқ.