Азат Еуропа/Азаттық радиосына Стивен Корн президент болып келді

Стивен Корн, Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті

Азат Еуропа/Азаттық радиосының жаңа президенті болып америкалық «Си-эн-эн» телекомпаниясының бұрынғы басқарма мүшелерінің бірі Стивен Корн тағайындалды.

АҚШ-та хабарлар таратуды басқаратын Директорлар кеңесінің айтуынша, Стивен Корн – бұл саланың тәжірибелі маманы.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының бұрынғы президенті Джеффри Гедмин бұл міндетті төрт жыл атқарып, биыл наурызда басқа қызметке ауысқан.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы – 21 елге хабар тарататын ақпарат құралы.