Қызметінен кететін АҚШ қорғаныс министрі Кабулға барды

АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс.

АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс бүгін Кабулға соңғы ресми сапармен барып отыр. Ол осы айдың соңында қызметінен кетуге дайындалып жатыр.
Гейтс Ауғанстанды тұрақтандыруға көмектесіп жатқан халықаралық күштердің құрамындағы АҚШ әскерилерімен кездеседі. Роберт Гейст АҚШ қорғаныс министрлігін төрт жылдан астам уақыт басқарды. Қазір Ауғанстанда АҚШ-тың 90 мыңға жуық сарбазы бар.

Ал бұл уақытта НАТО бүгін Ауғанстанның шығысында жолға қойылған бомба жарылып, халықаралық қауіпсіздік күштерінің төрт мүшесі мерт болғанын хабарлады. Бұл туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.