Перуде өткен президент сайлауына қатысқан солшыл бағыттағы ұлтшыл кандидат, отставкадағы офицер Ольянта Умала өзінің жеңіске жеткенін мәлімдеді.
Алдын ала деректер бойынша, жексенбі күні өткен президент сайлауының екінші кезеңінде Умала өз бәсекелесі Кеико Фухимориден 0,2 пайыз ғана басым түскен. Кеико Фухимори - 1990-2000 жылдары аралығында Перу президенті болған Альберто Фухиморидің қызы.
48 жастағы солшыл саясаткер Ольянта Умала өзінің сайлауалды сөздерінде елде өндірілетін түрлі шикізаттарды шетке сатудан түскен кірісті әділ бөлуге уәде еткен болатын.