Марченко ХВҚ басшылығына кандидатурасын алып тастады

Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко

Қазақстанның Ұлттық банкі төрағасы Григорий Марченко Халықаралық валюта қорының басшылығына ұсынылған өз кандидатурасын алып тастады.

CNN-ге берген сұқбатында Марченко бұл лауазым Франция қаржы министрі Кристин Лягардқа берілуі әбден мүмкін деп атап көрсетті.

Марченко - аталмыш қордың жаңа төрағалығына ұсынылған үш кандидаттың бірі болатын.

Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Каннға "әйел зорламақ болды" деген айып тағылған.