"Әл-Қаиданы" Айман әл-Зауахири басқарады

Айман әл-Зауахири

Лаңкестік "Әл-Қаида" ұйымын енді Айман әл-Зауахири басқаратын болды деп хабарлайды "Әл Арабия" телеарнасы.

Египетте туған әл-Зауахири осы уақытқа дейін "Әл-Қаида" басқаруындағы екінші адам болып келген. Маусым айының басында ол "Әл-Қаиданың" АҚШ пен оның одақтастарына қарсы науқанын одан әрі жалғастыратынын мәлімдеген болатын.

Аталмыш ұйымның бұрынғы жетекшісі Усама бин Ладен мамыр айында Пәкістанда АҚШ әскери күштерінің арнайы операцияс брысында өлтірілген еді.