Ұлыбритания өз азаматтарын Сириядан шығуға шақырды

Ұлыбритания туы

Сирияда толқулар жалғасып жатқандықтан Ұлыбритания өз азаматтарын Таяу Шығыстағы бұл елден шығуға шақырды.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, коммерциялық рейстер әлі жұмыс істеп жатқан кезде Ұлыбритания азаматтары Сириядан кетуі тиіс. Министрлік "егер Сириядағы жағдай нашарлай түссе, Ұлыбритания елшілігі өз азаматтарына көмектесе алмауы мүмкін" деп ескертті.

Наурыз айында президент Башар әл-Ассад режиміне қарсы наразылық шаралары басталғалы бері Сирияда зорлық-зомбылық әрекеттері күшейіп кетті.