Ауғанстанда шетелдік әскерлер көлігіне шабуыл жасалды

Ауғанстанның жарылыс болған Құндыз аймағы

Ауғанстан билігі германиялық әскерлерді тасып бара жатқан шетелдік әскерлер көлігіне шабуыл жасалғанда, екі бейбіт тұрғын қаза тапты деп хабарлады.

Елдің солтүстігіндегі провинция өкілінің айтуынша, бейбіт тұрғындар шетелдік әскерлер көлігіне жақын тұрғанда жарылыс болған. Құндыз қаласындағы бұл жарылысқа жауапкершілікті ешкім алмады.