Батыс ғалымдары Орталық Азияға жаңаша әсер етуге шақырады

Әндіжаннан қашып шыққан өзбектер Брюссельде наразылық шарасын өткізіп тұр.

Джон Хитершоу мен Ник Мегоран атты америкалық ғалымдар "Қауіптілікке қарсы тұжырым: Орталық Азия бойынша саясаткерлер мен ғалымдарға арналған жаңа күн тәртібі" атты зерттеуін жариялады.

Маусымның 19-ы күні EurasiaView басылымы қос ғалымның осы зерттеуде ортаға салған тұжырымын сараптайды. Зерттеушілер Орталық Азия жайында қалыптасқан "беймәлім, шығыстық және жүгенсіз" деген көзқарас аймаққа қатысты бұлдыр, көмескі саясаттың түзілуіне әсер етті деп санайды. Мақала аталған тұжырымның қалай пайда болғанын, әсіресе Батыста Орталық Азияның қалай бейнеленетінін және оның Вашингтонның аймаққа қатысты саясатымен қалай үйлесетінін сипаттайды.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЖАҢА ҮЛКЕН ОЙЫН

Екі ғалымның пікірінше, америкалық The West Wing деп аталатын телесериалда Қазақстанның ойдан шығарылған президентіне және аймақтық мұнай компаниясының басшысына ұйымдастырылған қастандық, азаматтық қақтығыс пен сайлаулардың бұрмаланғандығы жайында сюжеттер бар. Телесериалда Қазақстан Қытай мен Ресей арасындағы «мұнай соғысы» үшін майданға айналған, ал Мәскеу мен Бейжіңді АҚШ-тың 150 мыңдық әскері ғана ажыратып ұстап тұр.
Телесериалда Қазақстан Қытай мен Ресей арасындағы «мұнай соғысы» үшін майданға айналған, ал Мәскеу мен Бейжіңді АҚШ-тың 150 мыңдық әскері ғана ажыратып ұстап тұр.

Беймәлім және бұлыңғыр Орталық Азияның бейнесі ұлттық қауіпсіздік пен қақтығыстарды реттеудің қалыптасқан халықаралық және геосаяси ұстанымдары тұрғысынан «жаңа үлкен ойын» деп аталатын тұжырымда кескінделгенін айтады Хитершоу мен Мегоран. Басты ойыншылардың рөлдері Батыста геосаяси ойлаудың басты ұстанымдарын көрсетеді. «Жаңа үлкен ойын» тұжырымы бойынша, Қытай және Ресей аймақтағы табиғи шикізат көздері үшін қақтығысып қалуы мүмкін державалар ретінде сипатталады.

Ал АҚШ болса аймақта өз балама мүддесі бар, бейбітшілік сақтаушы рөлге ие, үшінші жақтан қимылдайтын мемлекет саналады. Ұлттық элита сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан және үлкен ойыншылардың ықпалында жүретін, сонымен бірге азаматтарының игілігі мен құқықтарына мән бермейтін топ ретінде көлеңкеде қалып қойған. Осыдан келіп аймақ халқы адамзат аңсаған демократияға апаратын саяси транформациядан ажыраған.

Бұл көзқарас аймаққа қатысты қалыптасқан шынайы саясатпен қаншалықты үйлеседі? Осы мәселеге келгенде зерттеу батыстық үкіметтік емес ұйымдардың Ферғана аймағындағы қақтығыстардың алдын алуға қалайша «күш салғандығын» мысал ете отырып күдік-күмәндерін ортаға салады. Бұл кемшілікті зерттеу тураыл жазып отырған мақала авторы өз мысалымен толықтыра түседі. Оның ойынша АҚШ үкіметі 2005 жылы Өзбекстандағы Әндіжан қырғынына қарапайым жұрттың әлеуметтік наразылығы себеп болғанын білген. Бұл туралы Дональд Рамсфельдтің соңғы шыққан мемуарында жазылады. Бірақ, Ақ Үй бәрібір Орталық Азия туралы қалыптасқан жалған тұжырымның жетегінде кете барады. Сөйтіп, «Әндіжанда халықаралық исламшыл лаңкестік ұйым әрекет етті» деген Ташкенттің ресми сөзіне сенеді.
АҚШ үкіметі 2005 жылы Өзбекстандағы Әндіжан қырғынына қарапайым жұрттың әлеуметтік наразылығы себеп болғанын білген. Бұл туралы Дональд Рамсфельдтің соңғы шыққан мемуарында жазылады.

«Хитершоу мен Мегоран аймақты ұңғыл-шұңғылына дейін білмегендіктен, осындай қате тұжырым жасалатынын дөп басып айтқан» деп жазады автор.

ТӨРТ ТҮЙТКІЛ

Қос ғалым Орталық Азияның қауіпсіздігіне қатысты келесідей төрт сұрақ қояды. Өздерінің пікірінше, бұл сауалдар әдетте жиі айтылатын аймақтағы «ғаламдық державалар тартысынан, я исламшыл күштерден төнген қауіптен немесе мұнай үшін соғыстан» да маңызды.

Біріншіден, Орталық Азиядағы Ресей, Қытай және АҚШ-тың ортақ мүддесі мен ынтымақтастық саласы не? Қырғызстанда Ресей мен АҚШ-тың әскери базаларының қатар орналасқанына он жылдан асты. Мұның өзі осындай ынтымақтастыққа негіз бар екенін көрсетеді.

Екіншіден, Орталық Азияда «террористік» деп сипатталатын оқиғалардың ұйымдасқан қылмыстық топтармен арасында нақты қандай байланыс бар? Орталық Азияда ұйымдасқан қылмыстың бас көтеріп келе жатқан проблема екендігі рас. Бірақ, мұндай топтар көбіне діни ұйымдармен емес, аймақтағы зайырлы билік өкілдерімен тығыз байланыс орнатқан деп санайды ғалымдар.
Орталық Азияда «нарықтық экономика құру ісі» клептократия-лық биліктің өркендеуіне, ұйымдасқан қылмыстың күшеюіне және адам қауіпсіздігінің нашарлауына қаншалықты жағдай жасап жатыр?

Үшіншіден, осы аймақтағы үкімет пен әлеуметтік топтар арасындағы шиеленісті шешуде жергілікті жағдайға бейімделген стратегиялар қолданыла ма? Жергілікті азаматтық қоғам рөл атқара ма? Әлде «ұры түскенде үрмей, бұғып қалатын итке» айнала ма? Ал Ош қақтығысы кезіндегі жергілікті ҮЕҰ-дардың белсенділігі өте сирек кездесетін қалыптан тыс құбылыс.

Төртіншіден, Орталық Азияда «нарықтық экономика құру ісі» клептократиялық биліктің өркендеуіне, ұйымдасқан қылмыстың күшеюіне және адам қауіпсіздігінің нашарлауына қаншалықты жағдай жасайды? Аймақта нарықтық реформалар мен либерализация процесін жүргізуге қаржы құйып жатқан батыстық үкіметтер мен донорларға мұндай сұрақ қою ыңғайсыз болар. Дегенмен академиялық зерттеулер мәселенің осындай екенін көрсетіп отыр деп түйіндейді екі ғалым өз мақалаларын.