Леон Панетта АҚШ қорғаныс министрі болып тағайындалды

Орталық барлау басқармасының директоры Леон Панетта. Вашингтон. 9 маусым 2011 жыл.

АҚШ сенаты Леон Панеттаның қорғаныс министрі болып тағайындалуын бір ауыздан қуаттады.

72 жастағы Панетта маусымның 30-ында Орталық барлау басқармасы директоры қызметінен босап, қазіргі қорғаныс министрі Роберт Гейтсті алмастырмақ.

Орталық барлау басқармасының басшылығына Ауғанстандағы коалиция қолбасшысы Дэвид Петреус келуі мүмкін.