Сирия күштері 5 бейбіт шерушіні өлтірді

Сириядан түскен хабарларға қарағанда, қауіпсіздік күштері президент Башар әл-Ассад билігіне қарсылық танытқан шерушілердің қаза тапқандарды жерлеу рәсімі кезінде 5 бейбіт тұрғынды өлтірген.

Бұл туралы хабарлаған Сириялық адам құқын бақылаушылары Дамаск маңында үкіметтік күштердің үй-үйді аралап іздеуі кезінде тағы 3 адам өлді деп айтты.

Мәліметтерге қарағанда Барзе аймағында 200 кісі қамауға алынған. Жұма күні онмыңдаған адам шеру өткізген болатын.