Владикавказдағы газ жарылысынан 46 адам жараланды

Ресейдің оңтүстігінде той өткізіп жатқан үйде газ жарылып, кемінде 46 адам жарақат алды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Александр Андреев Владикавказдағы газ жарылысынан ауыр жараланған 11 адамның жағдайы қиын деді.

Той жасап жатқан үй газды сыртқа шығарып, кәуәп жасамақшы болғанда жарылған.