Қазақстанда облыстық мәслихат депутатын атып кетті

Ақмола облыстық мәслихаттың депутаты Александр Клименконы белгісіз біреулер атып кетті. Оқиға маусымның 25-інен 26-сына қараған түні, депутаттың Ақмола облысы Атбасар ауданындағы үйінде болған.

Полицияның хабарлауынша, депутатқа шабуыл жасағандар оның ақшасын алып кеткен. Бұл қылмысқа байланысты бірнеше болжам тексеріліп жатыр.