Грузиялық оппозиция басшысына "қарулы топ құрды" деген айып тағылды

"Маэстро" телеарнасының Иракли Окруашвилимен сұхбаты. 10 мамыр 2011 жыл.

Грузия прокурорлары қуғындағы оппозиция жетекшісі, бұрынғы қорғаныс министрі Иракли Окруашвилиге "қаруланған топ құрды" деген айып тақты.

Өткен аптада оппозицияның сегіз қолдаушысына да мамыр айындағы наразылық шарасы барысында елге оралуға уәде еткен Окруашвилиге "көмектесу үшін қарулы топ құрды" деген айып тағылған болатын.

Окруашвили кейінірек Грузияға қайтпайтын болып шықты. 2007 жылы оппозицияға өткен Окруашвили қазір Францияда тұрып жатыр. Ол жемқорлық айыптары бойынша 11 жылға сырттай сотталды.