Каирде мыңдаған адам шеруге жиналып жатыр

Каирдің Тахрир алаңындағы шерулер. Сәуір, 2011 жыл.

Бүгін Каирдің Тахрир алаңына мыңдаған наразылық танытушы жиналып жатыр.

Жалпыұлттық шерулер барысында олар биліктегі әскери кеңестен реформаларды тездетуді талап етпек. Египет полициясы наразылық шарасына араласпайтынын айтты. Үкімет "шерушілер тыныштықты сақтауы тиіс" деп ескертті.

Осы аптаның басында наразылық танытушылар мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыстар болған еді.