Қытай Обама мен Далай Ламаның кездесуін сынады

Барак Обама мен Далай Ламаның кездесуі. Ақпан 2010 жыл.

Қытай АҚШ президенті Барак Обаманың Далай Ламамен кездесуін сынап, оны «Қытайдың ішкі істеріне араласу» деп атады.

Обама сенбі күні Ақ үйде Тибеттің қуғындағы рухани көсемі Далай Ламамен кездескен болатын.

Қытай үкіметі Далай Ламаны Тибеттің тәуелсіздігін алуды көздейтін тұлға деп есептейді. Далай Лама болса Қытайдың ішіндегі Тибет үшін тәуелсіздік емес үлкенірек автономия берілуін қалайтынын айтады.