Назарбаев Ақордада жиын өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті. Астана, 21 шілде 2011 жыл

Қысқа мерзімді еңбек демалысынан оралған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстанның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес өткізді деп хабарлады Назарбаевтың ресми сайты.

Жиынға Қазақстанның премьер-министрі, президент әкімшілігі жетекшісі, ауыл шаруашылығы министрі, экономикалық даму және сауда министрлері қатысқан.

Бұдан бұрын демалуға кеткен президент Назарбаевтың Германиядағы клиникада емделіп жатқаны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белгілі болған еді.