Норвегиядағы шабуылдар құрбаны 91-ге жетті

Ослодағы жарылыстан жараланған әйел. 22 шілде. 2011

Норвегия жұма күнгі 91 адамның өмірін әкеткен шабуылдарға қарамастан, елде террорлық қауіп-қатер деңгейін көтермегенін айтып, бұл жекелеген адамның әрі есінен адасқан кісінің жасағанына ұқсайды деді.

Норвегия әділет министрі Кнут Сторбергет сенбі күні айтқанында, дәл қазірге дейін елде қауіп-қатер деңгейін көтеруге еш себеп жоқ деді.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, жұма күні Утоя аралындағы жастарға арналған еңбек лагерінде қарулы адам көпшілікке оқ атқанда 80 адам қаза тапқан. Бұл атыстың алдында тағы 7 адам үлкен жарылыстан құрбан болды.

Осы екі жарылысқа қатысты 32 жастағы норвегиялық қамауға алынды. Бұл елдің теларнасы бұл күдікке ілінген адамның экстремистік топқа қатысты бар екенін жазып жатыр.